Бүгін қала әкімі Мұрат Жүребеков жылу электр орталығында болды
Жылу электр орталығында 8 қазандық бар. Қазіргі кезде жылыту қазандықтары штаттық режимде жұмыс жасап тұр. Бүгін қала әкімі Мұрат Жүребеков орталықтың жабдықтарымен танысты. Жылу электр орталығының қуаттылығы 200 МВт - ты құрайды.Жылу электр орталығының жаңа газ турбиналық қондырғысы қосымша 57 МВт жылу бөледі. Жоба құрылысына 20,9 млрд теңге жаратылған болатын. Жаңа энергоблок іске қосылғалы 40 - тан астам адам жұмыспен қамтылды.Сонымен қатар, қосымша 200 МВт жылу бөлетін нысанды іске қосу жоспарда бар. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов газ турбиналық қондырғының ашылу салтанатында жылу электр орталығының қуатын 900 МВт-қа жеткізу қажеттігін айтқан болатын. Өңірде электр энергиясының жаңартылатын көздерін дамыту бойынша жұмыстар белсенді түрде жалғасады.
Количество показов: 710
Дата создания: 13.01.2023 14:01:29