Бүгін Ақтөбенің бас жоспары қаралды
2030-шы жылы ақтөбеліктер саны 600 мыңнан асады. Ал 2040 жылы қала тұрғындары 1 миллионға жетеді. Бүгін қалалық әкімдікте қаланың бас жоспарын түзету туралы қоғамдық тыңдауда мердігер мекемелер осылай деп мәлімдеме жасады. Қаланың бас жоспары 2011-ші жылдың маусым айынан былтырға дейін түзетілді. Құрылыстың бірінші кезеңі 2017-ші жылға дейін деп бекітілген. Ол уақытта қала халқының саны 450 мыңға жетеді. Қала құрылысын дамытудың ұзақ мерзімдік болжамы 2040-шы жылға дейін. Мәртебесі қала болғандықтан Ақтөбедегі тұрғын үй массивтерінің орнын бірте-бірте көп қабатты ғимараттар басады. Оның үстіне агломерациялық даму жағы ескерілуі тиіс. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің құрылысын ескере отырып, қаланы кеңейту қарастырылуда. 2040-шы жылға қарай қала аумағы 29 мың 739 гектар жерден 72 мың 965 гектарға дейін өседі. Ақтөбе қаласында екі орталық бар. Көне қала және жаңа қала. Осы екі орталық қазіргі Мәскеу ауданы орнынан пайда болатын "Москва ситимен" жалғанады. Ақтөбе темір жол вокзалы арғы бетінде Мәскеу ауданын бергі бетінде көне қаланы байланыстыратын порталға айналады. Жастар қалашығын құру жоспарда бар. Сондай-ақ қаланы көгалдандыруға көңіл бөлінеді. Жоспарға шағын орман алқаптары, дендробақ, хайуанаттар бағы секілді демалыс орындары да енгізілген. |
Количество показов: 1870
Дата создания: 14.04.2014 18:24:49