Бұдан былай жол құрылысы сапасына жобалашылар мен технобақылаушылар да жауапты
Биылдан бастап жол құрылысы сапасы 3 бағытта тексерілетін болады. Олар жолдардың сапасына сараптама жүргізу, жол құрылыс материалдарын тексеру, диагностикасы. Сондай - ақ, жол сапасына мердігер мекеме мен тапсырыс беруші ғана емес жобалаушы және технобақылаушы да жауапты болады. Бұл туралы бүгін жол сапасын жақсарту жұмыстары бойынша Ақтөбе автожол колледжінде өткен семинарда айтылды.Облыста ауданаралық және республика маңызы бар тасжолдардың жағдайы нашар. Осыған орай облыстық жол активтер сапасы орталығының мамандары жол сапасын жақсартудың 3 жолын қарастыруда. Мәселен, бұдан былай жол құрылысымен айналысатын компаниялардан бір қабатты емес, екі қабатты асфальт төсеу талап етілетін болады. Құрылыс материалдарының сапасы да жіті тексеріледі. Үшінші сатыда салынып біткен жол тағы бір тексеріліп барып қолданысқа қабылданады.
Биылдан бастап ауданаралық, республикалық маңызы бар тас жолдарға ғана емес, ауыларалық жолдарға да көңіл бөлінеді. Енді сапасыз салынған жол үшін мердігер мекемелер ғана емес, сондай - ақ, жобалаушы мен технобақылаушы да жауапқа тартылады.
Количество показов: 727
Дата создания: 13.03.2023 11:23:04