Қазақ тіліне жетік жастар марапатталды
Қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт жастары үндеу қабылдады. Олар облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің алдында қазақ тілді қазақстандықтар санын арттыруға барынша күш салуға уәде берді. Әр салада қызмет етіп жатқан жас мамандар және ЖОО-ы мен колледждерде білім алып жатқан студенттер 3-тен жоғары тіл меңгергендері үшін облыс әкімінің марапатына ие болды. Марат Зиядиевтің ұлты татар. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің студенті. Жігіт әуел бастан қазақ тілін өзі біліп қана қоймай, өзгелерге үйретемін дегенді алдына мақсат етіп қойған. Сондықтан филология факультетінде білім алып жатыр. Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бүгінгі басқосуда Марат қазақ тілін жетік білу Қазақстанда тұрып жатқан менің басты парызым деді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін қазақ тілін жетік білген өзге ұлт жастарымен кездесті. Дөңгелек үстел басына барлығы 22 қыз бен жігіт жиналды. Барлығы да тәуелсіздік құрдастары. Бірі студент, бірі қызметтегі маман. Барлығы да кемінде үш тілді біледі. Облыстың қоғамдық іс-шараларына белсенді араласып жүрген дарынды, шығармашыл, білімді жастар. Болашақтарын Қазақстанмен байланыстырады. Елжандылығын, қазақ тілге деген құрметін бағалаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл жастарға алғыс хатпен қоса планшеттер сыйлады. |
Количество показов: 2056
Дата создания: 10.12.2013 18:06:55