Қазақстанда ет өндірудің көлемі біршама артты
Қала базарларында қаңтар айының басында орта есеппен еттің келісі 20 пайызға дейін қымбаттаған екен. Мұны ауа райының қолайсыздығына байланысты шалғай аудандардан ет жеткізу қиынға соғып, баға көтеріліп кетті деп түсіндіргендер де болды. Ал, ет сатушылар соңғы айда баға тұрақталды деп отыр. Қала базарларында жылқы етінің келісі 3 мың теңгеден асса, сиыр еті де 2000-2500 теңгеден сатылуда. Көктемде пышаққа ілінетін мал аз болса да, ет қоры жеткілікті дейді базар басшылары. Наурыз мерекесі қарсаңында сұраныс та артқан. Базарда ет саудасы қызып тұр. Еліміз бойынша қаңтар-ақпан айларында 56 мың тонна ет өнімдері нарыққа шыққан. Бұл көрсеткіш өнім шығарудың 5,2 пайызға артқандығын көрсетеді.
Количество показов: 555
Дата создания: 16.03.2022 19:20:12