Қазақстанда автокөлікпен жанар-жағармай әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды
Қазақстанда автокөлікпен жанар-жағармай әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды. Бұйрық бүгін күшіне енді, оған сәйкес, тағы жарты жыл бойы жанар-жағармайды көлікпен алып кетуге болмайды. Қаладағы жанар-жағар май құю бекеттерінде жағдай бірқалыпты. Таблоларда да айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ұзын-сонар кезек, қандай да бір жанар-жағар май түріне тапшылық та байқалмайды. 2022 жылдың 12 шілдесінде Қазақстаннан жанармай әкетуге эмбарго енгізілді. Бұл шектеулердің барлығы тағы алты айға, яғни 2023 жылдың 1 тамызына дейін ұзартылып отыр. Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Сондықтан транзит жүргізушілері, жергілікті тұрғындар және көршілес шекаралас аудандардың тұрғындары жанар-жағармайды сату үшін әкетуге тырысады. Билік жанармай тапшылығы болуы мүмкін деп қауіптенеді.Ақтөбе ел ішіндегі мұнай-газ өнімдері арзан қаланың бірі және Ресейдің бірнеше облысымен шектеседі. Қаланың үстімен транзит жүргізушілері әрлі-берлі қатынап жатыр. Жүк көлігінің жүргізушісі Алексей Тарасов ел билігі бұл шектеулерді өзімізге зияны тимейтіндей етіп реттеулері керек еді, дейді. Үкімет сонымен қатар отын және мұнай өнімдерін басқа көлік түрлерімен әкетуге төрт айға тыйым салуды жоспарлап отыр. Тыйым ұлттық экономиканың дамуының тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз ету және ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін енгізілді.Количество показов: 773
Дата создания: 01.02.2023 13:05:16