Айыппұлдан жалтарған көлік иелері анықталды
Айыппұлдан жалтарған автокөлік иелерін анықтауда сот актілерін орындау департаменті мен әкімшілік полиция басқармасы күш біріктіруде. Бүгін олар Тұңыш Президент атындағы саябақ аумағында рейд жүргізді. Енді қарызы бар көлік иелері жолда емін - еркін жүре алмайды. Ақтөбеліктер қарыз болып қалған 79 миллион 343 мың теңгені мемлекетке қайтармай сот орындаушыларына тыным жоқ. Рейдті жиілету алға қойылған. Облыстық сот актілерін орындау департаменті өкілдерінің қолында айыппұл өтеуден жалтарып жүрген тұрғындарға қатысты барлық мәлімет жинақталған. Жол-патрульдік полициясы тоқтатқан көлік иесінің бережағы бар-жоғын компьютер демде анықтап береді. Осы күнге дейін заңға салғырттық танытқандарға қатысты алты мыңнан астам өндірістік іс қаралуда. |
Количество показов: 1872
Дата создания: 08.11.2013 19:16:01