Аймақ жастарының кеңесі өтті
Жиында белсенділер - жастар саясатын жүзеге асыру, соның ішінде жас буынды тұрақты жұмыспен мен баспанамен қамту мәселелерін көтеріп, кеңінен талқылады. Жұмыспен қамтудың бір шешімі ретінде кеңесте өңірдегі 5 жоғары оқу орны мен ірі компаниялар арасында 5 меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында жас мамандар келісілген кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтіп, алдағы уақытта мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, облыс басшысы 50 жас маманға жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Пәтерге ие болғандар 20 мен 29 жас аралығындағы қыз-жігіттер. Баспанаға барлығы "Жастар" бағдарламасы аясында ие болды. Олардың дені бірнеше жыл бойы пәтер жалдап жүрген жас мамандар. "Жастар" бағдарламасы аясында өңірдегі 150 жас маман пәтерге ие болмақ. Олардың бірінші легі қоныс тойларын тойлап үлгерді. Бірі бүгін кілттерін алды. Енді 50 жас кезекте тұр.
Количество показов: 1225
Дата создания: 20.03.2019 18:30:22