Аймақ басшысы өткен 6 айда өңірде атқарылған жұмыстарды қорытындылады
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бүгін облыстық мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлерінің алдында есеп берді. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық салаларына тоқталды. Аймақтың даму қарқыны жақсы. Барлық салада даму бар. 1-қаңтардан бастап 70 мыңнан астам ақтөбеліктің еңбекақысы 1,5 есеге артқан. Тағы 70 000 мемлекеттік қызметкердің жалақысы 30 пайызға ұлғайды. Облыстың индустриалдық даму қарқыны қалыпты. Жыл соңына дейін құны 90 млрд. теңге болатын 25 жоба жүзеге асырылады. Өңірде шикізаттық емес экспорттың көлемін 1,2 млрд. долларға арттыру қажет. Жаңадан ашылған кәсіпорындармен қатар жұмыс жасап жатқан өндіріс орындарын да жаңарту қолға алынады. Биыл 55 кәсіпорынды жандандыруға 900 млрд. теңге қарастырылған. Ауылшаруашылығы саласында құны 32 млн. теңге болатын 200 жоба жүзеге асырылды. Суармалы жерлерді 30-40 мың гектарға дейін ұлғайту қажет. Елді мекендердегі фермаларды цифрландыру мндеті тұр. Ал, биыл пайдаланылмаған 280 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Аймақта автокөлік жолдарының 50 пайызға жуығы қанағаттанарлықсыз күйде. Тұрғындар жиі шағымданады. Биыл жолдарды жөндеуге 40 млрд. теңге қарастырылған.
Облыс тұрғындарының 95 пайызға жуығы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Соңғы 6 айда құны 2,8 млрд. теңге болатын 17 жоба жүзеге асырылды. Қосымша 4 мың ақтөбелік сапалы ауыз сумен жыл соңына дейін қамтылатын болады. Аймақ тұрғындарының 88 пайызы көгілдір отын пайдаланады. Жыл аяқталғанша 18 селолық округке газ жүргізіледі деді Оңдасын Оразалин. Биыл баспаналы болатын ақтөбеліктер саны да артады. 8 мың 700 тұрғынға пәтер беріледі. Ал, атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан бері 15 мың 300 отбасыға беріле бастаған. Аймақ басшысының сөзінше, жарты жылда өңірде 1400 орындық 15 балабақша пайдалануға берілген. Биыл мектепке дейінгі ұйыммен бүлдіршіндер 100 пайыз қамтылады. 2019 жыл аяқталғанша 5000 орындық 34 бақша ашылады. Қазір облыстағы 3 ауысымды және апаттық күйдегі мектептерді жою мақсатында 16 мектептің құрылысы басталған. Биыл кемі 10 жаңа мектеп оқушы қабылдайды.
Количество показов: 929
Дата создания: 17.07.2019 18:32:57
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>