Аймақ басшысы облыс тұрғындарын марапаттады.
Республика күніне арналған салтанатты шараға облыс, қала және аудандардың құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары , қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен кәсіпкерлер арнайы шақырылған. Облыс басшысы Асхат Шахаров өңірдің дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді. Еліміз Егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болып, Республика мәртебесін алғалы отыз жылдан асты. Осы уақыт аралығынлда өңірімізде де экономика мен әлеуметтік сала қарқынды дамып келеді. 30 жылдан астам уақыт ішінде облыс аумағында 13662 шаршы метр тұрғын үй салынған. Облыс орталығында халық саны бірнеше есеге өсіп отыр.Өткен жылы Мемлекет басшысының ұсынысымен 25-ші қазан Ұлттық Республика мерекесі мәртебесін қайтарып алғаны белгілі. Облыс басшысы да салтанатты жиында Әділетті Қазақстанды құру үшін елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылатынын жеткізді. Сондай-ақ Республика күні мерекесіне орай өңір басшысы облыс экономикасын, әлеуметтің әлеуетін өсіруге табанды қызмет атқарып келе жатқан бір топ азаматқа "Құрмет", "Парасат" ордендерін табыс етті. Олардың қатарында танымал кәсіпкерлер Талғат Салфиков, Зәмзәгүл Баймағамбетова, өнер саласында еңбегі өлшеусіз режиссер Мағзұм Бақытжановтар болды. Салтанатты жиында өңір басшысы Асхат Шахаров еліміз Республика болып, өз алдына мемлекет атанғалы облыс аумағында атқарылған жұмыстарға ерекше тоқталды. Соңғы 30 жылда өңірде 400 ден астам жаңа білім ошағы пайдалануға берілген. Бой көтерген спорттық нысандардың саны 712. Соңғы екі жылдың ішінде 20 мектептің қүрылысы аяқталған. Асхат Шахаров бүгінде облыс еліміздің батыс өңіріндегі мәдениеті мен өндірісі дамыған орталық болып қалыптасқанын жеткізді.Количество показов: 414
Дата создания: 25.10.2023 00:56:48