Аяздан зардап шеккендер ауруханаларға түсті
Ақтөбедегі аяз ақпанның 4-не дейін сақталады. Қазір өңірімізде ауа температурасы -31 мен -41 градустың арасында. Беті-қолын аяз қарып, ауруханаларға ағылып жатқандар жетерлік. Аптасына 4-5 адамға медициналық көмек көрсетіледі. Аяз отыз градустан асқанымен, шет елдегідей үйінен шыға сала үсіп қалып жатқандар жоқ. Ақтөбеліктер шыдамдылық танытып тұр. Мәселен осы айда үсік шалғандар саны былтырғыдай. Қазір ауруханада 12 адам ем қабылдап жатыр. Оның екеуі мектеп жасындағы бала. Алты адам үй-күйі жоқ қаңғыбас. Амбулаторлық ем алып жатқандары бар. Аптасына 4-5 адам жарақатқа жәрдем беру бөліміне келіп, медициналық көмек алады. Мұндай бөлімдер облыстық жедел жәрдем, темір жол ауруханаларында және облыстық клиникалық балалар ауруханасында жұмыс жасайды. Бүгін қыстың екінші айы тәмам. Ақпанды да ескермеуге болмайды. Қыстың ең суық айы. Ақтүтек борандар мен саршұнақ аяздар алды әлі де бар. Синоптиктер ақпанның 4-не дейін аяздың беті қайтпайтынын ескертеді. |
Количество показов: 1881
Дата создания: 31.01.2014 16:14:18