Аязға қарамастан балалар сабақтан қалып жатқан жоқ
Облыстық білім басқармасының бұйрығы бар. Оған қала мектептері де бағынады. Сынап бағаны -25 градусты көрсетіп, желдің жылдамдығы секундына 1-2 метрден жоғары болса, бастауыш сынып оқушыларының мектепке келмеуіне рұқсат. 5 пен 9 сынып оқушылары -27, ал 10 мен 11-сыныпта оқитындар -30 градус болғанда сабаққа бармауы тиіс. Бұл тәртіпке жел тұрғандағы ауа райына байланысты бағынған жөн. Ал күн тынық, бірақ, аяз тұрса, жоғарыда айтылған температураларға -5 градустан қосылып есептелінеді, дейді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Роза Тастанбаева. №31 қазақ орта мектебінде оқу процесі күнделікті тәртіппен жүріп жатыр. Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары сабақтан қалмаған. Әр сыныпта сабаққа келмеген 5-6 оқушыдан ғана дейді, -директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәбира Жәнібекова. Шалғайда тұратын балаларды мектептің «Газель» көлігі тасымалдайды. №31 мектепте мыңнан астам бала білім алып жатыр. Мектеп басшылығының айтуынша, сабаққа келмей қалғандар үшін мұғалімдер қосымша сабақ өткізеді. Қалалық білім бөлімінің ауа райына байланысты қабылдаған ережесінен білім ошақтары ғана емес, ата-аналар да құлағдар. Дегенмен, балалардың білімге деген ынтасы күшті болып тұр. Қалалық білім бөлімі күніне екі мәрте "Қазгидромет" орталығынан ауа райы туралы мәлімет алып отыр. Оқу процесін сол ақпаратқа негізделеді. Қалада 67 мектеп бар. 52 мыңнан астам бала білім алуда. |
Количество показов: 1970
Дата создания: 27.01.2014 17:48:12