Автовокзалдар паркі жаңартылады
Өңірде автобус тасымалымен тұрақты 11 мердігер мекеме айналысады. Биыл бұл мекемелердің шығынын өтеу мақсатында 113 млн теңге бөлінген. Субсидия жолақыны тұрақтандыруға да жұмсалады. Мәселен, бірнеше жылдан бері Ақтөбе-Ырғыз бағытында жол ақысы өзгерген жоқ. 1800 теңге. Өңірден алты халықаралық бағытқа автобустар қатынайды. Ақтөбе-Орынбор, Ақтөбе-Самара, Қазан, Уфа, Орск қаласына сәуір айынан бастап жолаушы тасымалы жанданған. Басқа қалаларға бағыттар ашу мәселесі күн тәртібіне қойылған. Жалпы облыс бойынша қазір 66 автобус тұрақты қатынап жүр. Олардың 46-сы қаланың ішінде, 11-і өзге облыстарға, қалғандары халықаралық жолдарға шығады. Орташа сыйымдылықтағы көліктердің үлесі басым. Қоғамдық көліктердің біразы ескірген, жаңартуды талап етеді. Автовокзалдар паркін жаңалау мақсатында 22 жаңа көлік сатып алынбақ. Көліктердің біразы Ақтөбе-Хромтау, Ақтөбе-Алға бағыттарына жіберілетін болады.
Количество показов: 700
Дата создания: 02.12.2022 21:24:34