Ауыл әйелдеріне арналған мүмкіндік
Бүгінгі қыз-келіншектерге арналған семинарда алар ілім көп болды. Семинарға аудандардан келген жүздеген әйел жиналды. Арнайы Түркия елінен келген қонақ- Сермин Чакалаоғлы ханым өзінің бизнестегі біраз тәжірибесімен бөлісіп,ауыл бағытында жұмысты үйлестірудің құпияларын айтты.Ақжайық Абылаева Алға ауданы әкімшілігінде жұмыс істейтін жас маман. Семинарға катысудағы мақсаты өзін бизнес саласында байқап көру, кәсіп ашу. Ал мұндай басқосу бизнес дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді,-дейді Ақжайық. Арманы да жоқ емес. Ауылда той көйлектерін сататын салон ашуды жоспарлайды. Сүйікті ісіммен айналысып және ол кәсіп маған ақша әкеліп тұрса ғанибет емес пе,- деп бөліседі ол.Жыл өткен сайын жеке кәсібін ашқысы келетін нәзік жандылардың, оның ішінде ауыл әйелдерінің қатары көбейіп келеді. Олардың қатарында да бір орында тұрмай, өзін дамытып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Атаулы іс-шаралар әйелдердің өзіне деген сенімділігін арттырып, ерік-жігер беретіні сөзсіз. Сондықтан да семинарға қатысып отырған қыз-келіншектер қарасы білім алудан жалықпаймыз, деп отыр.Количество показов: 253
Дата создания: 14.05.2024 06:36:24