Ауыл оқушыларына арналған "Мың бала" ұлттық олимпиадасына тіркеу жүріп жатыр
Ауыл оқушыларына арналған "Мың бала" ұлттық олимпиадасына тіркеу жүріп жатыр. Биыл өңірде 4700 бала олимпиадаға қатысады деп жоспарланған. Әзірге олардың 70 пайызы ғана тіркеуден өткен. Тіркеу 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүріп жатыр және 20-наурызда аяқталады. Бүгін облыстық білім басқармасының өкілдері өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихатын өткізіп, олимпиадаға дайындық жұмыстары жөнінде мәлімет берді."Мың бала" ұлттық олимпиадасын еліміздің Білім және ғылым министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен биыл үшінші мәрте ұйымдастырып отыр. Жыл сайын біздің облыстан олимпиадаға 5000-ға жуық оқушы қатысады. Былтырғы жылы білім жарысына қатысқан ақтөбеліктердің 167-сі республиканың үздік оқушылары қатарына енген. Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 4-8 сәуір аралығында өтеді. Тестілеу онлайн ұйымдастырылады. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне өтеді. Ал, екінші кезең 27-29 сәуір аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында оффлайн форматта жүргізіледі.
Жыл сайын «Мың бала» ұлттық олимпиадасы ауылдық жерлердегі 5-6 сыныптардың қабілетті 1000 оқушысын анықтап, оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде, атап айтсақ, Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік береді. Олимпиаданың бес мың финалисі Елбасы Академиясының "Birge oqy" онлайн-мектебінде тегін білім алады.
Количество показов: 778
Дата создания: 10.03.2022 18:22:39
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>