"Ауыл аманаты" жобасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі.
"Ауыл аманаты" жобасының басталғанына 1 жыл. Қысқа уақыттың арасында жоба тиімділігін дәлелдей білді. Облысымыздың 12 ауданы, 24 ауылдық округінде тұратын 42 463 мың тұрғынды қамтиды деген жоспар бар. Олардың жартысынан астамы экономикалық белсенді халық санатына жатады,-дейді мамандар. "Ауыл аманаты" жобасына бір жылда 12,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 7,6 млрд теңгеге 1698 жоба тапсырылып, 7,2 млрд теңгеге 1628 жоба мақұлданды. 6,1 млрд теңгеге несие берілді. Сонымен бірге , жоба аясында қаржылық несиемен қатар тауарлық несие беру тетігі енгізілді. Жобаның игілігін көріп отырған белсенді аудандар қатарында Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Ойыл мен Хромтау аудандары бар. Әзір Әйтеке би мен Ырғыз аудандарынан 2,5 пайызбен несие алуға ниеттілер жоқ,-дейді мамандар.Несие алушы шаруашылықты тиімді жасау мақсатында оларды техникамен, жем-шөп және вакциналармен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Қазірде 432 мүшесі бар 71 ауылшаруашылық кооперативі жұмыс жасап тұр. Алдағы уақытта кооператив санын ұлғайту жоспарланып отыр. Айта кетейік, "Ауыл аманаты" жобасы құс және өсімдік шаруашылығын дамыту, кооперативтерді жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тамақ өнімдерін шығаруды көздейді.Количество показов: 560
Дата создания: 30.10.2023 21:56:27