"Ауыл аманаты - бабалар аманаты" атты республикалық форум өтті
Бүгін ауылдық округтерде аграрлық бизнесті ілгерілету, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында "Өнер орталығында" "Ауыл аманаты - бабалар аманаты" атты республикалық форум өтті. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында жұмыспен қамту, табыс табудың жаңа мүмкіншіліктері қарастырылған. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлер форум аясында жетістіктерімен бөлісті.Қаламызда бөдене өсірумен айналысатын кәсіпкердің бірі - Абзал Байман. Ақжар-2 ауданының тұрғыны ауласында 150-ден астам бөдене бағып отыр. Күніне 70 - 80 - ге жуық жұмыртқа алады. Айтуынша, бөдененің жұмыртқасы гастрит, қант диабеті ауруларына ем. Бұл форумға келудегі мақсаты бөдене өсірумен айналысқысы келетін жастарға жол көрсету, әрі мемлекет тарапынан берілетін тиімді несиені иелену.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бөдене өсірумен айналысатын Абзал Байманға "Ауыл аманаты" бағдарламасының мүмкіншіліктерін пайдалануды кеңес етті. Ауыл халқының санын арттыру, ауыл әлеуетінің жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін өз кәсібін ашқысы келетіндер 200 - ден астам бизнес жоспар әзірлеп, 300 сағаттан астам семинар-тренингтер, шеберлік сағаттарына қатысқан. Сондай - ақ, жас кәсіпкерлерді қолдау бағытында аудан жастарымен кездесулер өткізіліп, әріптестік меморандумдарына қол қойылды.
Количество показов: 761
Дата создания: 28.02.2023 11:57:18