Аулада ойнап жүрген баланы көлік басып кетті
Әлеуметтік желіде пайда болған мына видеодан аулаға жылдамдықпен кірген көліктің тұтқиылдан атып шыққан ойын баласын басып кеткенін көруге болады. Кейін көлік жүргізушісі баланы көтеріп, көлігіне салып ауруханаға алып кеткен. Полицияның мәліметінше, Mazda-626 маркалы көлікті 45 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 жастағы бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер баланың жабық бас сүйек-ми жарақатымен түскенін айтты. Қазір жағдайы орташа бірқалыпты. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе балаларға арналған ойын-сауық кешендерінің жанында, аула аумақтарында және "Балалар" белгісі бар орындарда абай болуға кеңес береді. Сондай-ақ, ата-аналардан балаларды ойынға, мектепке жіберер кезде жол қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, балаларды қадағалаусыз қалдырмау сұралады.
Количество показов: 993
Дата создания: 13.06.2022 18:01:30