"Қауіпсіз автокөлік" акциясы шеңберінде эксперимент жасалды
Бүгін қала аумағында өтіп жатқан «Қауіпсіз автокөлік» акциясы аясында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері эксперимент жасады. Мұнда көлік жанған жағдайда жүргізушілердің іс-әрекеті, жедел шешім қабылдауы, өрт сөндіргіш құралды пайдалану алу машығы назарда болды. Қалалық төтенше жағдайлар қызметкерлері алдын ала ойластырылған сценарий желісімен көліктің астына жарылғыш баллон қойып, өрт шығарды. Жүргізілген эксперимент кезінде жанып жатқан көлікті көрген жүргізушелер бірден көмекке ұмтылды. Автокөліктердегі өрттің алдын алу мақсатында қала аумағында «Қауіпсіз автокөлік» акциясы өтуде. Осы айдың бірінде басталған акция қаңтардың соңына дейін жалғасады. Жыл басынан бері шаһарда 15 автокөлік өртенген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7 есеге көп. Зауыттан шыққанына 10-15 жылдан асқан ескі көліктерде жану жағдайы жиі болады. Сондай-ақ, көліктерде өрт сөндіргіш құралдың болуы және оларды қолдану мүмкіндігі бойынша жүргізушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан көлік иелерінің 65 пайызы өрт сөндіргіш құралын үнемі көліктеріне салып жүретін, қажет кезде пайдалануды да білетінін айтқан.Количество показов: 764
Дата создания: 27.01.2023 12:25:50