Қатты аяздан автобустардың жүрісі баяулады
Бүгін қалада аяз -30 градустан төмен. Жабық, жылытылатын нысанда емес, ашық аспан астында тұрып қалған техникалар істен шығуда. Дизелдік отынмен жүретін көліктер қатты аязға шыдас бере алмай жатыр. Қаладағы қоғамдық көліктердің басым бөлігіне жауапты "Автопарк" ЖШС-і автобустарының тең жартысы дизельдік отын тұтынады. "Автопарк" ЖШС-і әрлі-берлі жолаушы тасу үшін тәулігіне 250 автобусты жолға шығарады. Алайда бүгін 250 қоғамдық көлік түгел дер кезінде бағыттарына шықты деп айту қиын. Күнделікті уақытында аялдамаға жеткендер тиісті автобустарын ұзақ уақыт күтуге мәжбүр болды. Гидравликалық тежегіш жүйесі орнатылған автобустардың жүргізушілері еш қиналмайды. Мұндай автобустар ешқандай аяздан қорықпайды. Ескі, бұрыннан жүріп тұрған қоғамдық көліктердің тежегіш жүйесі гидравликалық. Ал қазір жаңадан сатып алынған автобустар ауа температурасы -25 градустан төмен түссе оталмай қалып, теріс мінез танытады. Техникалық қызметкерлердің көмегін қажетсінеді. Жанар-жағар май бекеттерінде де дизельдік отын еш кедергісіз сатылып жатыр. Қалаға жеткізілетін қысқы дизельдік отын сапасы жоғары деп сендіреді сатушылар. |
Количество показов: 1742
Дата создания: 30.01.2014 18:51:06