Ата-аналар мектептерді қаржыландыруға міндетті емес
Бұрын қылмыстық іске тартылған адамдар бала оқытумен айналысқан. Тіпті мектеп директоры қызметіне дейін көтерілгендері де бар. Оны облыс прокурорлары мектептерге тексеру жүргізу кезінде анықтады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген тексеру қортындысынан облыстық білім басқармасының басшысы Жанат Самұратова хабардар. Ата-анадан ақша жинауды Жанат Самұратова құптарлық жағдай деп отырған жоқ. Бірақ педагогтар басшыларының бұл ойын бөліспейтін сыңайлы. Ата-анадан мектеп қорына деп ақша жинауды адал іс көретін мұғалімдердің әдетін қалай қойдыруға болады? Білім беру саласына атқарушы биліктің көзқарасы қашан да түзу. Жыл сайын қаржыландыру артып отыр. Соңғы үш жылда облыста 132 мектепке дейінгі ұйым ашылған. Қабырғасы сөгіліп, қирағалы тұрған 15 орта мектептің 11-і биыл жөнделген. Қалған төртеуін келесі жылы қалпына келтіреміз, дейді басқарма басшысы. |
Количество показов: 1843
Дата создания: 05.11.2013 18:47:09