"Астана" ауданында биыл 50 шақты әлеуметтік жоба жүзеге асады
"Астана" ауданының орталық көшелері мен ықшам аудандарына наурыз айынан бастап балалар ойын, спорт алаңдары салына бастайды. Көшелерге 100 бейнебақылау камералары орнатылады. 140 қоқыс алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1000 қоқыс контейнері сатып алынады. Көп қатарлы тұрғын үйлерге 86 жеделсаты орнату жоспарда бар. Сондай - ақ, 74 аялдама жөндеуден өтеді. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Жөребековтің қалалық оқушылар сайында өткен халықпен кездесуінде айтылды. Биылғы жылы "Астана" ауданында 80 жобаны іске асыру жоспарланған болатын. 80 жобаның ішінен сарапшылар кеңесі 48 жобаны мақұлдаған. 140 қоқыс шығаратын алаң жөнделеді. 1000 контейнер сатып алынады. Контейнер алаңдарына 100 бейнебақылау камералары орнатылады. "Астана" ауданының әкімі Айбек Купеновтың сөзінше, қоқыс шығару қызметі 360 - 380 теңгеге өседі. Тұрғындар қоғамдық көліктердің қозғалысы, аялдамалардың сиқы жайында мәселе көтерді. Қаламызда жылы аялдамалар санын көбейту жоспарда бар. Сондай - ақ, қазіргі кезде 41 көшеде тротуарлар тазартылып, құм, тұз себу жұмыстары жүріп жатыр.Былтыр "Астана" ауданында 3 балалар ойын алаңы салынды, 1 футбол алаңы пайдалануға берілді. 1 баскетбол алаңы жөнделді. Сондай - ақ, №19, №20, №39, №47 - ші мектептер маңындағы тротуарлар жөнделді. 93 қоқыс жәшіктері алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 520 қоқыс контейнері сатып алынды. "Астана" ауданының әкімі Айбек Купенов биылғы жылға жоспарланған жұмыстар бір жыл ішінде жүзеге асады, деп сендірді.Количество показов: 788
Дата создания: 01.02.2023 13:01:41