"Астана" ауданында биыл 48 әлеуметтік жоба жүзеге асады
Бүгін "Астана" ауданының әкімі Айбек Купенов "Болашақ", "Юнис сити", "Әуе қалашығы" аудандарының тұрғындарымен кездесті. Ә.Кекілбаев атындағы № 72 - ші мектеп қабырғасында өткен кездесуде "Астана" ауданының әкімі Айбек Купенов биыл аталған аудандарда 48 жоба жүзеге асатынын жеткізді. Оның ішінде «Юнис сити» тұрғын үй кешенінде балаларға арналған ойын алаңы салынады. Бөкенбай батыр көшесінде футбол алаңы және балаларға арналған ойын, спорт алаңдары салынады. Әуе қалашығы ауданында 24 үйдің аумағы жарықтандырылады. 140 қоқыс алаңы жөнделеді. Биыл "Астана" ауданы аумағы бойынша барлығы 80 жоба ұсынылған. Тұрғындардың дауыс беруі нәтижесімен 48 жоба таңдалды. Майталман көшесінде 630 шаршы метр жаяу жүргінші жолы салынады. Бөкенбай батыр көшесіндегі №32 - ші үй ауласында футбол алаңы пайда болады. 117 көшеге 2 жолақты жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. 13 көшеге 2 миллиард теңгеге жуық қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай - ақ, 7 көше орташа жөндеу жұмыстарынан өтеді.Ақтілек Жұмабаева "Болашақ" ауданында су тасқынына қарсы шаралардың жасалуын өтінді. Былтыр көктемде ол тұратын Бөгенбай батыр көшесіндегі №129 "Д" үйдің жертөлесі қызыл суға толған. Жертөлені тұрғындар өз қаржыларына техника жалдап, құрғатып алған. Сондай - ақ, азаматша аулаларына балалар ойнайтын футбол алаңын салып беруді сұрайды.Былтыр "Астана" ауданы бойынша "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында 10 жоба жүзеге асырылған болатын. "Сазды" тұрғын алабында саябақ салынды. №19, №20, №39, №47, №10- мектептер маңына жаяу жүргінші жолы төселді. Сонымен қатар, ағайынды Жұбановтар көшесінде, Мәңгілік ел №16 - шы үй аумағында, «Қанағат» кешенінде 3 балалар алаңы, 3 спорт алаңы, 1 футбол алаңы салынған болатын. Ауданда 100 бейнебақылау камерасы орнатылды.Количество показов: 864
Дата создания: 09.02.2023 12:05:18