"Астана" ауданы тұрғындары троллейбустарды аңсайды
Шаһарда әкімдердің халықпен тұрақты кездесулері жалғасып жатыр. Бүгін "Астана" ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов Әбіш Кекілбаев атындағы №72 жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейі ауласында "Юнис сити", Әуеқалашық, Болашақ, Мәскеу аудандары, 12-ші шағын ауданы тұрғындарымен кездесті. Тұрғындармен жүздесу барысында әкім атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспар туралы әңгімеледі.
"Астана" ауданының тұрғындары күн санап артып келеді. Жұртшылықтың шешілмей жүрген мәселелері де жетерлік. Кездесуде тұрғындар жол, кәріз құбырларының жайы, аулаларды абаттандыру, қоқыс жәшіктерін орнату мәселесіне қатысты көп сауал қойды. Тіпті кейбір ата-аналар баланы мектепке дайындау, кітап жетіспеушілігі мәселесін көтеріп жатты. Ардагерлер ұйымдарының басшылары аудан тынысын әңгімелеп, толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді. "Астана" ауданы әкімінің тұрғындармен кездесуі бірнеше сағатқа созылды. Жиынға қалабасы Асхат Шахаров қатысты. Мамырғали Аққағазов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары нақты орындалып жатқанын алға тартты. Өнеркәсіп саласы қарқынды дамыған, кәсіпкерлер саны артуда. Жеке бизнес өкілдерімен қалалық, аудандық әкімдік қоян-қолтық жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жиі өткізіліп тұрады.
Количество показов: 657
Дата создания: 03.08.2022 20:11:05