Асханадағы былықты ашқан аспаздар жұмыстан қуылып жатыр
Есет батыр атындағы облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан шу шықты. Білім беру мекемесі бүгінге дейін балаларға бұзылған тамақ беріп келген болуы мүмкін. Жеткіншектердің денсаулығына қауіп төндірген мектептің үстінен аспаздар прокурорлар мен санитар мамандарға шағымданыпты. Мұны білім беру мекемесі жала деп танып, аспаздарды сотқа беріп, 800 мың теңге моральдық шығын талап етіп отыр. Асханадағы былықты айтқан алты аспаздың төртеуін жұмыстан шығарған. Бүгін бұл іс бойынша алғашқы сот тыңдауы өтті.
Білім беру мекемесі басшыларының былығын жайып салған аспаздар, енді ештеңеден тайынбаймыз деп отыр. Әділдікті талап етіп, "Нұр отан" партиясы облыстық филиалы мен облыс әкіміне де кірмек. Бүгін екі жақты тыңдаған №2 қалалық сотының судьясы Азамат Қабылдинов, бұл іс бойынша психолого-филологиялық сараптама тағайындады. Қорытындысы дайын болғасын, іс жалғаспақ.
Количество показов: 1766
Дата создания: 20.01.2017 19:16:33
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>