Асау-Барақ көшесінде екі бағытты қозғалыс жанданды
Некрасов және Қонаев көшесіндегі көлік кептелісі енді азаяды. Оған Асау-Барақ көшесіндегі екі бағытты қозғалыстың жандануы себеп. Сондай- ақ бүгін аталған көшеде жол тәртібіне қатысты белгілердің бірі алынып тасталды. Енді Асау-Барақ көшесінен шыққан көліктерге Әкімжанов көшесін кесіп өтуге тиым салынады. Әзірше Әкімшілік полициясының өкілдері осы маңдағы көлік қозғалысын бақылауға алып, ереже бұзғандарға ескерту жасайды. Он күннен соң көлік легі таусылмайтын аумаққа полиция бақылау бекеті орнатылады. Тәртіп бұзған темір тұлпар иелері оқиға орнында жауап беретін болады. |
Количество показов: 2194
Дата создания: 20.11.2013 19:08:41