Асау-Барақ көшесі екі бағытты болып өзгереді
Әз-Наурыз бен Әкімжанов көшелерін жаңа көпір қосқалы бері жолдардағы қозғалыс тәртібі реттелетін емес. Кемшіліктер енді ғана ескеріліп, қателіктер жүре-бара жөнделуде. Қала билігі мониторинг, зерттеу жұмыстарын қолға алғанын айтқанбыз. Оның алғашқы нәтижесін қала тұрғындары алдағы аптаның ортасында көреді. Жаңа көпір іске қосылғанда Асау-Барақ көшесінің бос қалғаны бар. Жергілікті биліктің көне қала көшелерін артық күштен арылтамыз дегені осы екен деп қуанғандар да бар болуы мүмкін. Алайда олай болмады. Әз наурыз бен Әкімжанов көшелерінің жайын көп ойлап кеткен мамандар Асау-Барақ көшесіндегі жол қозғалысы тәртібінің байыбына бармаған екен. Кемшіліктер енді ескеріліп жатыр. Автоинспектордың айтқанын толықтыратын болсақ. Көліктер көпір орналасқан Әкімжанов көшесімен оңды-солды қатынай алады. Ол түсінікті. Ал Асау-Барақ көшесімен көне қала жағынан бағыт алған көлік осы Әкімжановты тіке қиып өте алмайды. Немесе оған қарсы келе жатқан көлік те Әкімжановты қиып, Асау-Бараққа тіке өте алмайды. Көне қала жағынан келген жүргізуші көлігін Асау-Барақ пен Әкімжанов қиылысында оңға ғана бұра алады. Некрасов көшесінің 4 жолақты болатындығын бұған дейін де хабарлағанбыз. Ол көшеде жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Мониторинг жүргізу де жалғасып жатыр. Сондықтан өзгерістердің алды арты бұл емес. |
Количество показов: 1945
Дата создания: 14.11.2013 19:34:14