Арзан картоп шектеулі
Қалада тұрақтандыру қорындағы картоп шектеулі түрде сатылып жатыр. Келісі 70 теңге тұратын картопты тек коммуналдық дүкендер мен базарлардан ғана сатып алуға болады. Әр адамға 4 келіден артық берілмейді. Қалалық кәсіпкерлік бөліміндегілер мұны тұрғындардың барлығын арзан азық-түлікпен қамту үшін қолға алынған шара деп түсіндіреді. Жергілікті атқарушы билік тұрақтандыру қорынан алынған картопты қапшықтап сатып алуға жол бермейді. Картоптың келісі көтерме базарда 80 теңгеден. Тұрақтандыру қорының басқа азық-түлігі шектеусіз сатылып жатыр. Коммуналдық сату нүктелерінен сәбіз бен пиязды келісін- 58 теңгеден, қырыққабатты- 48 теңгеден алуға болады. Бірі де - өзіміздің өнімдер. Бүгін Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан президент Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды пайдаланып, алыпсатарлықпен айналысқандарды анықтап, заңға сійкес жазалауды тапсырды. Мемлекет басшысы елімізде 20 миллион тонна астық бар екенін, нанның да, еттің де, сүттің де, басқа азық-түліктердің де қоры бірнеше жылға жететінін, сондықтан қапшықтап ұн алып, әбігерленіп, үрейленудің қажеті жоқ екенін ескертті. Бүгін белгілі болғандай Қазақстан үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті бөлшектеп сатудың 2014 жылға арналған шегін бекітеді. Премьер-министр Серік Ахметовтің айтуынша бұл азық-түліктің қымбаттап кетуіне жол бермеу мақсатында жасалып отыр. Үкімет басшысы әкімдерге тұрақтандыру қорларын барынша пайдалануға тапсырма берді. |
Количество показов: 1981
Дата создания: 14.02.2014 19:43:20