Қаруды сақтау мерзімі мен талаптары дұрыс болуы шарт
Қаруды сақтау мерзімі мен талаптары дұрыс болуы шарт. Бұл- "Қару" жедел алдын алу шарасы барысында ескерілетін басты қағида. Бұдан бөлек қаруды тасымалдау ережелерін сақтау керек. Ақтөбеде "Қару" алдын алу іс-шарасы өтті. Полицейлер 9000 ға жуық қару иесін тексерді. Алға ауданында заңсыз қару сақтаған екі тұрғын анықталды. Біреуі -37 жастағы аудан тұрғыны. Тәртіп сақшылары тінту барысында тұрғын үйдің қасындағы контейнерден 12-калибрлі 2 бірлік тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тапты. Сондай-ақ, полицейлер заңсыз қару сақтаған тағы бір адамды анықтады. 36 жастағы ер адам қару-жарағын өз еркімен полицияға тапсырған.Количество показов: 888
Дата создания: 15.06.2023 08:23:26