«Ардагер» емханасының аруларын ер азаматтар құттықтады
Әйелдер қауымына құттықтау, марапат, құрмет толассыз. Бүгін ауған соғысы ардагерлері, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан жауынгерлер, Тәжік-ауған шекарасында болған азаматтар дәрігер қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтады. "Ардагер" емханасының аруларына жылы лебіздерін айтып, сыйлық үлестірді."Ардагер" емханасының дәрігерлері 3 мыңға жуық ардагерге ем-дом жасайды. Емдеу мекемесі ұжымының дені- әйелдерден тұрады. Алайда, ер-азаматы санаулы емхананың қыз-келіншегі марапат пен құрметтен кенде емес. Бүгін бір топ азамат әйелдерді арнайы құттықтап келді. Айтуларынша, емхананың дәрігерлері емімен ғана емес науқастардың тілін тауып, жылы сөзімен, көңілімен баурап алады. Жауынгерлер қоғамдық бірлестігінің мүшелері әйелдерді көктем мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Әр қызметкерді назардан тыс қалдырмады. Ал мереке иелері болса, мәселе сыйлықта емес, көңілде деп ағынан жарылды. Емхана ем-дом жасап, дәрі-дәрмекпен қамтудан бөлек, жыл сайын 200-ге тарта жауынгер-ардагерлерге госпитальда емделуге, ҰОС, Ауған соғысы ардагерлеріне шипажайларға жолдама алуға жағдай туғызып отыр. Биылдан бастап емхана тәжік-ауған шекарасында болған жауынгерлерге қызмет көрсетпекші. Бүгінде облыста тәжік-ауған шекарасын күзеткен 250 сарбаз бар. |
Количество показов: 2188
Дата создания: 06.03.2014 18:50:32