Қар құрсауынан 118 адам құтқарылды
Кеше Самара-Шымкент тас жолында қар құрсауында қалған 118 адам құтқарылды. Олардың арасында балалар да бар. Ақ түтек боранға байланысты "Самара-Шымкент", "Ақтөбе-Ор", "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз", "Қарабұтақ-Камсомол" тас жолдары жедел жабылды. Осыған орай ұялы байланыс абоненттеріне смс хабарламалар арқылы ескерту жасалды. Алайда ескертуге қарамастан алыс жолға шығып, қалың қарға кептеліп қалған көліктер саны жетерлік. Әсіресе "Самара-Шымкент" тас жолында 28 жеңіл көлік тұрып қалған. Темір тұлпарларда 118 адам болған. Арасында - 24-і кәмілеттік жасқа толмаған балалар. Құтқарылған адамдардың барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң Маржанбұлақ орта мектебіне орналыстырылды. Сонымен бірге 18 желтоқсанда "Хромтау-Никельтау" тас жолында бұрқасында жүре алмаған 3 автокөлік иесі 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған. Жедел жеткен әскериленген апатты-құтқару қызметі 5 адамды қар құрсауынан шығарған. Осыған байланысты құтқарушылар ұялы телефонға дауылды ескерту туралы харлама келген соң жолаушылап шықпауға кеңес береді. Қазіргі таңда барлық бағыттағы тас жолдар ашық. Қар мол түсіп, боран соға бастағаннан бастап облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар қолға алынды. Алыс жолдарда көлігі сынған немесе қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсету үшін 112 нөмірі үздіксіз жұмыс істеп тұр. |
Количество показов: 2175
Дата создания: 19.12.2013 19:05:59