Қарғалы өзеніне жасөспірім батып кетті
Құтқарушылар қанша ескерту жасаса да тұрғындар белгіленбеген жерде суға шомылуды доғарар емес. Сондай-ақ, мас күйінде суға түсетіндер мен жағада балаларды қараусыз қалдыру деректері де көбейген. Тәртіп бұзудың соңы қайғылы жағдайлармен аяқталу ықтималдығы жоғары. Сондықтан, облыстық төтенше жағдайлар департаменті ақтөбеліктерге суға шомылу ережелерін қатаң сақтап, рұқсат етілмеген аумақтардан аулақ жүруге кеңес береді. Облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 64 жағажай бар. Олардың 20-сы ақылы жеке жағажай болса, 44-і тегін коммуналдық жағажайлар. Аталған орындарда арнайы құтқарушылар қызметі бар. Олар жағажайға келген ақтөбеліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері республика бойынша 105 адам суға кетіп көз жұмған. Оның ішінде 39-ы бала. Ал, біздің өңірде биылдыққа 7 адам суға батып кеткен. Олардың 4-еуі бала. Қайғылы жағдайлардың бәрі де шомылуға рұқсат етілмеген аумақтарда тіркелген.
Количество показов: 751
Дата создания: 27.06.2022 18:58:36