Бүгін Қарғалы селолық округіндегі учаскелік полиция инспекторлары 12 айлық жұмысын қорытындылады. Учаскелік полиция инспекторларының дерегіне сүйенсек, өткен жылы селолық округ аумағында 319 қылмыс орын алып, оның 37-сі ашылған.
Заречный полиция бөліміне қарасты Қарғалы селолық округы аумағы 7 әкімшілік учаскеге бөлінген. Бұған Қарғалы, Заречный-4, Мағаджан орманшылығы, Ақжар, Ақжар-2 ауылдары, сонымен қатар ауыл маңындағы бақша ұжымдары қарайды. Әр әкімшілік учаскеге бір инспектордан бекітілген. Көрсетілген аумақта 24 861 тұрғын мекен етеді. Сондай-ақ 8 мекеме, 6 мектеп, 3 балабақша, 57 дүкен, 6 ойын-сауық мекемесі оналасқан. Бұл аумақтың тыныштығын қас қақпай қадағалайтындар өткен жылы 319 қылмысты тіркепті. Ашылғаны 37 қылмыс. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы аталмыш аумақта қылмыс саны 2 есеге артқан. Полицейлер ең көп орын алған қылмыс тонау мен қалта қағу екенін айтады. Тәртіп сақшылары мұны тұрғындардың әлеуметтік жағдайымен байланыстырып отыр. Қылмысты азайту үшін бірқатар шаралар да қолға алынған. Учаскелік инспекторлар еліміздің саяси ахуалына ықпал етіп отырған дәстүрлі емес діни бағыттарды ұстанушыларға қатысты іс-шаралар да жүргізіп жатқандарын айтты. Алдағы уақытта да тәртіпті қадағалаушылар қылмыстың алдын алу мақсатындағы жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыра бермек
«Тәулік» бағдарламасының толық нұсқасын мына сілтемеден қараңыз
Количество показов: 2440
Дата создания: 08.01.2014 22:53:40
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>