Қарғалы ауылының тұрғындары таза ауаға мұқтаж
Қарғалы ауылы, Северный көшесінің тұрғындары кәріз иісіне тұншығып отыр. Жоғарыдан жұрт секілді жылу, жарық емес, таза ауа сұрайды. Кәріз суының иісі қолқаны қабады. Сол себепті тұрғындар қысы-жазы терезесін қымтап ұстауға мәжбүр. Ауыл тұрғындарының айтуынша иіс үйдің дәл іргесінде орналасқан "Ақбұлақ" АҚ-на қарасты кәріз сорғылау стансасынан шығып жатқан көрінеді. Бұл аздай қаладан жеке сектордағы үйлердің қоқыс суын таситын жалдамалы көліктер де осы жерге әкеп төгеді екен. Қоқыс пен қалдық судың жанына тұрғын үйлермен қатар мешіт орналасыпты. Мектеп те одан қашық емес. Ата-аналар балаларының мектепке қоқысты кешіп баратынын айтады. Сондай-ақ дене шынықтыру сабағын да оқушылар далада өткізе алмай отыр. Көліктердің суы асфальтқа төгіліп қалады. Қалдықты арнайы орынға емес, кез-келген жерге, қалай болса солай төгіп кете беретіндер де бар. Ол түгілі кейбір жүргізушілердің өз қажеттілігін де далада өтеп тұрғанын өз көзімізбен көрдік дейді тұрғындар. Тұрғындар мәселесін айтып біраз жерге бас сұқтық, бірақ нәтиже жоқ деп налиды. "Ақбұлақтықтар" тұрғындардың кездесіп, қиындықтың күрмеуін шешуге уәде етті. |
Количество показов: 1829
Дата создания: 12.03.2014 18:50:50