Қарғалы ауылы тұрғындары жөндеу көрмеген көшелерінің жайын айтты
Қарғалы ауданының тұрғындары "бізге қашан көңіл бөлінеді?" деп, налиды. Мұнда көп көшенің жолы жүруге жарамсыз. Тіпті, өмірі асфальт төселмеген жерлер де бар. "Балдырған", яғни бұрынғы атауы "Советская" көшесінің тұрғындары әкімдіктегілерден көмек сұрайды. Теміржан Жанпейсов бұл көшеде 30 жылдан бері тұрады. Осыған дейін «Советская» деп аталып келген көшеге ешқашан асфальт төселмеген. Шұрық-тесік көшемен жаяу адам түгілі көліктердің өзі әрең қозғалады. Ал тұрғындар жаңбыр жауса, балшық кешетіндерін айтады.
Су құбырын жүргізерде жолды да қалыпқа келтіреміз деп уәде берілген. Бүгінде үйлерге ауыз су тартылмаған. Тұрғындар құдықтың суын ішіп отыр. Мұндағы халық жол салып беруді өтініп, әкімдікке бірнеше мәрте арызданған. Алайда еш нәтиже жоқ. Келесі жылы да «Советская» көшесі жөнделмейді. Тұрғындар ең болмағанда ауыз су мәселесі тез арада шешілсе, деп қалды.
Количество показов: 843
Дата создания: 12.11.2021 18:35:25
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>