Сегодня: 01.11.2024
Қарғалы ауданында цемент зауыты салынып, құс фабрикасы ашылады
Облыс орталығынан 125 шақырым қашықтықта жатқан Қарғалы ауданынде егін шаруашылығы жақсы дамыған. Мұнда бидай мен арпа, түрлі дәнді дақылдар егіледі. Сонымен қатар, мал басы жыл өткен сайын артып келеді. Осы жылдың жоспарына сәйкес 400 бас сауынды сиыр сатып алынып, жаңа ферма ашылуы мүмкін. Кәсіпкердің бұл жоспарын іске асыру үшін әзірлік жүріп жатыр. Сонымен қатар, құс фабрикасының құрылысы басталады.Ал өндіріске келер болсақ, темір рудасын өндіретін "Темір ВС" серіктестігінің жұмысы жүрмей қалды. 150-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орны қызметін тоқтатқан. Кәсіпкермен әкімдік арасында келіссөз жүріп жатыр. Әзірге алдағы жылдар туралы нақты жоспар жоқ.Ресеймен шекаралас Қарғалы ауданында қазақ тілінің жағдайы мәз емес. Тұрғындарының 32 пайызы өзге ұлт өкілі саналатын ауданда әлі күнге дейін бірде- бір таза қазақ мектебі жоқ. Аудандағы 17 мектептің үшеуі орыс тілінде, өзгесі аралас тілде білім береді.
Ауданға қарасты халық саны аз ауылдың мектептері жабылып жатыр. Сондықтан аудан орталығынан 300 орынды мектеп-интернат салу қажет. Қазір жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Айта кетейік, Қарғалыда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында екі әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі. Бадамшада балабақша салынып, Қосестек ауылында 150 орынды мәдениет үйі бой көтереді.
Количество показов: 1678
Дата создания: 07.03.2017 18:44:30