Апатты үйдің азабы бітер емес.
Қала әкімдігіне жақын орналасқан мына үй адам көргісіз. Төбесі мен қабырғалары жарылып, іргетасы үгітіліп жатыр. Үйдің жағдайы күн санап нашарлап бара жатыр. Тұрғындар бір күні төбесі опырылып, ортасына түсе ме деп алаңдаулы. Су, газ, жарық мәселесі шешілмеген. Әр тұрғын өз бетінше күн көруде. Жақында пәтерлердің бірінде газ балоны жарылған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Үй 1927 жылы салынған. Коммуникациялық желілері жоқ. Дәретхана сыртта. Кәріз де жоқ. Сақалды құрылысты 2016 жылы "Апатты" деп таныған.Бқзу тізіміне енгізілді де. Әкімшілік осы үйдің тұрғындарын су жаңа үйге көшіреміз деп уәде берген. Содан бері 7 жыл өтті. Өзгеріс жоқ. Осы жерге жаңа үй салуға дайын инвесторлар табылған. Алайда әкімдік инвесторлармен мәмілеге келе алмай, құрылыстан бас тартыпты. Себеп-үйдің алдындағы жер телімінде. Инвесторлар сұраған жер телімін әкімдік беруден бас тартты,-дейді тұрғындар. Қалалық тұрғын үй инспекциясындағылар бұл жайттан хабардар. Бірақ әзірге қолдан келер қайран жоқ. Ал қираудың аз-ақ алдында тұрған мына үйде 11 пәтер бар. Қазір сегіз отбасы тұрып жатыр. Дені-әлеуметтік жағдайы төмен, әлжуаз топтағылар. Басқа жерге көшуге жағдайлары жоқ. Ал осыдан бір ғасыр бұрын салынған мына үй күннен-күнге опырылып, тоз-тозы шығып жатыр.Количество показов: 370
Дата создания: 02.11.2023 00:48:04