Қандыағаш әкімдігі шаршы метрі 125 мың теңге тұратын тұрғын үйді құжатта 190 мың теңге деп көрсеткен
Жемқорлыққа жол жоқ деп ұрандағанмен, әлі де бұл кері үрдіс жоғалатын емес. Пара алу және пара беру фактілері әлі де анықталуда. Бұл өз тарапынан елімізге кері әсерін тигізбей қоймайды.Жемқорлыққа қарсы анықталған деректердің арасында Мұғалжар ауданында коммуналдық тұрғын үй бар. Қандыағаш әкімдігімен 70 пәтерлі үй сатып алынған. Үйдің құны шаршы метрі үшін 125 мың теңге. Ал құжатта 190 мың теңге деп көрсетілген. Іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар "Бизнеске жол" жобасы аясында, «Aqtobe-su-energy group» АҚ электр желісін бірлесіп пайдалануда шартты заңсыз міндеттегені үшін 45 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Монополист кәсіпкерлерге электр энергиясы желілерін бірлесіп пайдалануға шарт жасасу туралы талаптар қойған, сәйкесінше кәсіпкерлер 2 млн. теңгеден астам қаражатты төлеуге міндетті еді. Бұл ретте, келісім шарттан бас тартылған жағдайда, монополист электрмен жабдықтауды тоқтатып, аталған жағдай кәсіпкерлік қызметтің тоқтауына әкеп соқтыратын еді.Количество показов: 272
Дата создания: 20.04.2024 05:36:31