Аналар марапатталды
Светлана Жүсіпәлиева 40 жаста. Алтын құрсақты ана 6 баланы өмірге әкелген. Бүгін ол күміс алға иегері атанды. Тұңғышы 18 жаста, студент. Төрт перзенті мектепте оқиды. Кішкентайы 1 жасқа толыпты. Отбасында отағасы ғана жұмыс істейді. Құрылысшы. Әйтсе де, көп балалы ана тағдырына дән риза. Балаларым-байлығым,-деп отыр. Алла тағала беріп жатса, алтынға да жетермін,деген ниетте. Балалары тоқ, үйірмелерге қатысады. Ешкімге алақан жаймаймыз. Мемлекеттен жәрдемақы аламыз,-дейді алтын құрсақты ана. «Алтын алқа» белгісімен 14 ана, «Күміс алқамен» 30 ана марапатталды. Марапатқа ие болған жандарды қала әкімі Азамат Бекет құттықтап, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне үлкен үлес қосып отырғаны үшін алғысын білдірді.Айта кетейік, қазіргі заңнамаға сәйкес, «Алтын алқа» жетінші сәбиі 1 жасқа толған кезде және алты баласы тірі болған жағдайда беріледі. Ал, алты баласы барлар «Күміс алқа» иегері бола алады.Қазақстанда "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы бұдан былай автоматты түрде тағайындалады. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап "Алтын алқа" алған, "Батыр ана" атағы бар, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға 7,4 АЕК немесе 25 530 теңге жәрдемақы төленеді. Қазір көпбалалы аналарға ай сайын 6,4 АЕК немесе 22 080 теңге төленіп жүр. Көпбалалы аналар зейнетке ерте шығады. Заңға сәйкес, 5 немесе одан көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген көпбалалы аналар 53 жасында зейнетке шығады. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған баспананы бірінші кезекте алуға құқылы.Количество показов: 358
Дата создания: 23.10.2023 22:35:43