Амал мерекесіне орай көрме-жәрмеңке өтті
Бүгін "Көрісу" күніне орай Өнер орталығында "100 жаңа жоба" атты көрме-жәрмеңке өтті. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көрме-жәрмеңкеде облыстың түкпір түкпірінен келген кәсіпкерлердің өнімдері сатылымға қойылды. Көрмеге қойылған тауарлар арасында азық-түліктен бастап сәндік қолданбалы бұйымдарға дейін бар.Ақтөбе шеберлер одағының басшысы Болат Атраубаев 30 жылдан бері зергерлік бұйымдар жасаумен айналысады. Бүгінгі жәрмеңкеге шебердің қолынан шыққан бағалы металл, тастардан жасалған шекелік, білезік сынды әшекейлер қойылған. Айтуынша, бұл бұйымдардың ішінде ең құнды, әрі бағалысы сәукеле. 3,5 миллион теңгеге бағалаған бір сәукелесі Араб әмірліктеріне сатылған. "100 жаңа жоба" атты көрме - жәрмеңкесінде әшекей бұйымдардан бөлек ауылшаруашылық өнімдері, көкөністер де саудаланды. Түйе шаруашылығымен айналысатын Құрашасай ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Ноян Сапина да бүгінгі шараға қатысқандардың бірі. Мемлекеттен қайтарымсыз грантты жеңіп алып, 6 айдан бері кәсібін дөңгелетіп келеді. Жәрмеңкеге шұбат, құрт, шикі, әрі піскен өркеш ала келген. Болашақта тоқымашылықпен де айналысып, бизнесінің аясын кеңейткісі келеді.Көрменің көркін өнерпаздар қыздыра түсті. Ән шырқалып, би биленіп, қонақтар ерекше көңіл-күймен тарқасты.Количество показов: 730
Дата создания: 14.03.2023 11:47:15