"Алматы" ауданының әкімі Абат Көбенов көне қала тұрғындарымен кездесті
Сапалы, тегіс жол. Қыста көшелерді дер кезінде қардан тазалау жұмыстары мен күл-қоқыс шығару мәселесі. Қаладағы Құрмыш, Сүт зауыты аудандары мен ескі қала тұрғындары үшін әзір осы жайттар өзекті болып отыр. Бүгін Ақтөбе қаласы, "Алматы" ауданының әкімі Абат Көбенов тұрғындармен кездесті. №62 орта мектепте өткен жиынға Құрмыш, Сүт зауыты аудандары мен ескі қаланың тұрғындары келді. Өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебі беріліп, алдағы жоспарлар пысықталды. Абат Көбеновтың есебін тыңдауға келгендердің саны саусақпен санарлық. Әкімнің есебі туралы хабарландыру тек әлеуметтік желі арқылы жасалған. Әйтсе де, жиналған санаулы адам бүкіл көше тұрғындарының атынан сөйлеуге тырысты. Мәселен, Мәскеу мен Құрмыш аудандарында әлі күнге дейін жол мен жарық мәселесі өзекті. Ал Сүт зауыты ауданын бұралқы иттер қаптаған. Ата-аналар балаларының өміріне алаңдап отыр. Мұның барлығын ескереміз деген аудан әкімі, әрқайсысын жеке-жеке қабылдауға шақырды. Жаңбыр жауса суға кететін " Жұмысшы" көшесінің тұрғындарына арық ауадай қажет.
Сүт зауыты ауданындағы "Жұмысшы" көшесінің бойындағы бірнеше үй суға кеткен. Жанына арық салынбаса, жолды жаңартқаннан пайда жоқ. Тұрғындардың айтуынша, бар арықты жаңадан тұрғызылған коттедж иелері бітеп тастаған. Бұған жауапты мекемелер көз жұма қараған.
Қаладағы "Алматы" ауданының әкімі болып тағайындалғанына үш ай болған Абат Көбенов әр тұрғынның өтінішін жазып алды. Тиісті органдарға жеткізетіндігін айтып, уәде берді. Ал жарықшамдар биыл ескі қаладағы 8-Наурыз көшесіне орнатылды. Кереев көшесіндегі тұрғын үйлердің ауласы асфальтталып жатыр. Қарасай батыр мен Т.Ахтанов көшесіндегі гүлзарларды көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.
Количество показов: 693
Дата создания: 23.05.2022 19:42:08
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>