Алимент төлеуден жалтаратын әкелер көбейді
Бүгін сот актілерін орындау жөніндегі департаментте ашық есік күні. Ведомство мамандары екі сағат бойы қала тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Жағдайға қарай, мәселелерін шешіп берді. Осы жылдан бастап біздің елде алиментке қатысты заңнама күшейтілді. Енді жұмыссыз жүрген әкелер баласына ай сайын бұрынғыдай 4 мың теңге емес, елдегі орташа жалақының 25 пайызы көлеміндегі ақыны төлеуі тиіс. Сондай-ақ, бережақ уақытында өтелмеген жағдайда әрбір күн үшін 0,1 пайыз мөлшерінде өсімпұл қосылып отырады. Ал, алименттік қарыз 1 миллион 800 мың теңгеден асса, мұндай әке қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Яғни, 3 - 7 жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Қазір сот актілерін орындау департаментінің тіркеуінде 11 мың алимент төлеуші бар. Оның 2 мыңнан астамы - ресми түрде жұмыссыз. Берешектерді өндірумен қалада 50 сот орындаушысы айналысады. |
Количество показов: 2242
Дата создания: 18.04.2014 17:54:55