Алдағы жылы сұйылтылған газдың бағасы 90 теңгеге қымбаттауы мүмкін
Алдағы жылы сұйылтылған газдың бағасы 90 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Келесі жылдан бастап сатылымға шығатын сұйылтылған газ өнімі биржаға өтеді. Бүгінде қаладағы жанар-жағар май бекеттерінде жағдай тұрақталған. Алдыңғы айда АИ-92, 95 маркалы бензин бағасы сан құбылған болатын. Қазір АИ-92 литрі бұрынғыша 168, кей жерлерде 178 теңгеге жеткен. Ал АИ-95 маркалы бензиннің литрі 193-200 теңге аралығында. Қалада жанар-жағар майға тапшылық жоқ. Алдағы жылы сұйылтылған газдың бағасы 90 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Өңірде әлеуметтік сұйылтылған газ бітуге жақын. Нақтылайтын болсақ, келесі жылдан бастап сатылымға шығатын сұйылтылған газ өнімі биржаға өтеді. Облыстық сұйылтылған газды жеткізушілер қауымдастығының төрайымы Алтынай Мұқанова сол сәттен бастап бағада бақылау болмайтынын ашық айтты. Қаңтарда өңірге 4000 тонна автогаз жеткізу жоспарланып отыр. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіндегілер бұл бағаны қазіргі қалпында ұстап тұруға септік етеді, деп сендірді. Жыл соңына дейін сұйық газға тапшылық болмайды. Бүгінде сұйық газдың литрі 77-85 теңге аралығында.
Бұдан бөлек қаладағы жанар-жағар май бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің литрі бұрынғыша 168, кей жерлерде 178 теңгеге жеткен. Ал АИ-95 маркалы бензиннің литрі 193-200 теңге аралығында сатылып жатыр. Дизель отынының литрі 260 теңгеден сатылымда.
Количество показов: 586
Дата создания: 21.12.2021 19:52:37
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>