Алдағы наурыз мерекелері өңірде кең ауқымда аталып өтеді
Алдағы наурыз мерекелері өңірде кең ауқымда аталып өтеді. 8-ші наурыз бен 22- наурыз аралығында барлығы 68 іс-шара жоспарланған. Аналар мерекесіне байланысты барлық мектептерде оқушылар бір мезетте "Анаға хат" тақырыбында диктант жазады. "Ақ орамал", "Гүл сыйлайық" атты нәзік жандыларға арналған байқаулар өтеді. "Жыл келіні-2022" қалалық сайысы ұйымдастырылады. Аудан, облыс көлемінде батагөй ақсақалдар сайысынан басталатын мерекенің әр күніне атау берілген. "Игі істер", "Сарқыт", "Ұлттық спорт", "Шаттық", "Қайырымды ұлт" күндері халық мерекелік концерттерді тамашалап, түрлі сайыстарға қатыса алады. "Наурызым-құт берекем". Биыл халықаралық әйелдері күні, Ұлыстың Ұлы күні облыс аумағында екі апта көлемінде мерекеленеді. Әз Наурызға арналған алғашқы шара көрісу күнімен басталады. 21 және 22 наурыз күндері қаланың саябақтарында басқарушы мекемелер мен орта мектептердің, кәсіпкерлік нысандарының қатысуымен мерекелік бағдарламалар қойылады. 5 киіз үй тігіліп, наурыз көже, палау, ағарған, бауырсақ үлестірілмек.Халықтық қыдырулар негізінен 11 алаңда ұйымдастырылады. Нұр-Ақтөбе, Қобыланды батыр атындағы орталық стадион, "Денсаулық", "Ретро", "Авиатор" саябақтары, Қурайлы, Кеңес Нокин, Сазды ауылдарында, "Керуен сити" ойын-сауық орталығы алаңдарында мерекелік бағдарламалар жоспарланған. Наурыз мейрамына орай театрларда балаларға арналған ертегі сахналанады. Кітапханалар мен музейлерде наурызға арналған тақырыптық көрмелері жасақталмақ.
Мерекенің басты нышаны киіз үйлер 21- наурызға дейін тігілмек. Басты шара 22 наурыз күні Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта өтеді. "Наурыз- құт-береке бастауы" атты театрландырылған көрініспен қатар ұлттық спорттық ойындар көрсетіледі. Халыққа кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерінің даярлаған ұлттық тағамдары ұсынылады.
Количество показов: 1046
Дата создания: 03.03.2022 20:07:58
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>