Қаланы санитарлық тазалауға арналған екі айлық акция аяқталды
Қаланы санитарлық тазалауға арналған екі айлық акция аяқталды. Екі ай бойы қала тұрғындары мен меншік иесіне қарамастан барлық мекемелер саябақтар мен гүлзарларды, тұрғын үйлердің аулаларын тазартты. "Астана" және "Алматы" аудандық әкімдіктері акцияны қорытындылады."Алматы" ауданында сенбіліктерге 367 мекеме, барлығы 985 адам қатысты. Екі ай бойы аудан аумағынан 23 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ауданның Қарғалы тұрғын алабындағы "Жеңіс" саябағына, Өрлеу тұрғын алабындағы саябаққа, Кірпішті тұрғын алабындағы "Шаңырақ, бесік" саябағына, Есет батыр гүлзарына жас көшеттер мен жеміс ағаштары отырғызылды. Екі айлық барысында ұйымдастырылған сенбіліктерге "Астана" ауданының да тұрғындары белсене араласты. Бұл ауданда 13 мыңнан астам тұрғын мен мекеме қызметкерлері қаланы қоқыстан тазартты. Аудан аумағынан барлығы 183 тонна қоқыс шығарылды.
Атап өтейік, екі айлық акция кезінде қалалық қоқыс полигоны қалдықтарды тегін қабылдады. Дегенмен, тұрғындар сенбілік кезінде жиналған қоқыстарды тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге лақтырып, аббаттандыру ережесін бұзған. Сондай-ақ, ағаштарды заңсыз кескендер де тіркелген. Осындай заңбұзушылықтарға жол берген 287 адамға ескерту хаттамасы толтырылды. Сондай-ақ, 27 ақтөбелікке абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 942 мың теңге айыппұл салынды.
Количество показов: 818
Дата создания: 08.06.2022 18:51:22
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>