Облыстық мәслихаттың кезекті кеңейтілген отырысына денсаулық мәселесі арқау болды. Мінберде өңірдің бас дәрігері Әсет Қалиев денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері мен медициналық қызмет көрсету сапасын көтеру туралы баяндамасын жасады. Оның айтуынша, былтыр және биылғы жарты жылда атқарылған шаруа жетерлік. Ана өлімі жағдайы тіркелген жоқ. Тек нәрестелердің шетінеуі жиілеген. Қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары, құрт аурулары аса өршіп тұрған жоқ. Медициналық көмек көрсету деңгейі бір жарым жылда алға ілгерілеген. Жүрекке ашық ота жасау, имплант қою, тізе, жамбас буынын ауыстыру, миға нейрохирургиялық ота жасауды дәрігерлер меңгерген. Өңірде бауыр және бүйрек ауыстыру оталарын жасау қарқын ала бастаған. Алайда денсаулық сақтау саласында шешілмей тұрған мәселелер де жоқ емес. Қаладағы екі басты аудан мен ауылды мекендерде 45 медициналық нысанға қажеттілік бар.
Жыл соңына дейін барлық емханаларда жедел жәрдем бөлімшелері ашылады. Қазірден бастап бөлімшелерге бригадалар тағайындалып, автокөліктер қажетті жабдықтармен қамтылмақ. Жиын соңында облыстық мәслихат депутаттары денсаулық саласындағы шешілмей жүрген сауалдар төңірегінде сұрақтар қойып өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін жасады.
Количество показов: 1022
Дата создания: 28.06.2019 20:33:53
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>