Қаланың қары әлі таусылған жоқ
Қалада қар тазалау жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Аптаның соңына дейін Мәскеу ауданының қары шығарылып болады. Қала маңындағы селолық округтерде де көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар қызу. Көктемгі су тасқынына қарсы күрес штабы жұмысын бастамағанымен, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінен көмек сұрап, қоңырау шалып жатқандар жетерлік. Әсіресе, Мәскеу ауданының тұрғындары - белсенді, дейді бөлім басшысы Бекболат Нұрашев. Мазалайтыны- неге көшенің қарын дер кезінде шығармай жатыр деген сауал. Атқарушы билік өкілі аптаның соңына дейін ауданды қардан тазартамыз деп сендірді. Тек тұрғындар ауласындағы қарды көшеге шығарып қоюы тиіс. Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашевтің айтуынша, ауа райы күрт жылып кетсе, көктемгі су тасқынына қарсы күрес штабы келесі аптаның соңына қарай жұмысын бастайды. Қазір қажетті техника, инертті материалдар дайын тұр. Тұрғындар қар шығару мәселесіне қатысты сауалдарын қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне, ал бітеліп қалған арықтар мен суағарларға қатысты қалалық әкімдікке, 211577 телефонына хабарласа алады. |
Количество показов: 1811
Дата создания: 12.03.2014 18:51:32