Қалалық жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Бүгін қалалық жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Ағымдағы жылы алғаш рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеде техникалық, өндірістік және қызмет көрсету саласы бойынша 20-дан астам мекеме мен кәсіпорын бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрғын жұмыссыз азаматтар қатысты. Қалалық жұмыспен қамту орталығында 1800-ге жуық жұмыссыз тіркелген. Бүгін оларға 20-дан астам мекеме мен кәсіпорын 283 бос жұмыс орындарын ұсынды. Ұсынылған мамандықтар қатарында медбике, наубайшы, тамақ өндірісінің технологы, химик-технолог, химик-эколог, қаржыгер, жүк машинасының жүргізушісі, автоэклектрик сынды қызметтер бар. Жәрмеңкеге келген ақтөбеліктердің талаптары әртүрлі. Бірі білім алған мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрсе, енді бірі "екі қолға бір күрек табылса болды", деп келген жандар. Арасында зейнет жасына жақындап қалған азаматтар мен екінші топтағы мүгедектер де болды.
Қазіргі таңда enbek.kz электронды биржасының порталында қала бойынша 729 бос жұмыс орны көрсетілген. Сонымен қатар 1266 түйіндеме орналастырылған. Жалпы статистикалық мәлімет бойынша, облыс орталығында жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрайды.
Количество показов: 547
Дата создания: 18.03.2022 17:00:40
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>