Қалалық сүт зауыты ауданындағы үйлер суға кетті
Қалалық сүт зауыты ауданындағы Дубинин көшесінің тұрғындары үйлерінің суға кетіп жатқанын айтып дабыл қақты. Қыс бойы тазартылмаған қар еріп, үй ауласын, тағам қоймасын, дәретханаларды топан су басып кеткен. Иманбай Қаржаубаев бұл көшесінің байырғы тұрғыны. Айтуынша бұл көшедегілердің көбі өзі секілді кәрі-құртаң. Сол себепті қыс бойы қар тазалауға шамалары жетпепті. Енді міне үймен бірдей болып үйілген қар күн жылысымен еріп, жерге сіңіп үлгермей, мазаларын ала бастаған. Көлік өткен сайын көшенің суы лықсып, ішке төгілмесін деп тастардан мынадай тосқауыл да өріп қойған. Су тасқынына қарсы штаб қызметкерлері болса, аталмыш көшенің тарлығынан қыс мезгілінде арнайы техниканың кіре алмағанын айтып отыр. Қоңырау түскен мезетте арнайы техникалар көшедегі суды сорғылаған. Су тасқынына қарсы штаб инертті материалдар сеуіп, қауіпті жоюға күш салып жатқандарын жеткізді. Құтқарушылар Мәскеу, Құрмыш секілді басқа да су басу қаупі бар аудандарды назарда ұстап отырғандарын айтады. Ауа райы да күрт жылынып кетпей, тұрғындарға қарасып отыр. Әзірге қаладағы жағдай тұрақты. Егер төтенше жағдай туа қалса тас түйін дайынбыз дейді су тасқынына қарсы штабтағылар. |
Количество показов: 2008
Дата создания: 26.03.2014 21:17:45