Қалалық әкімдікте азық-түлік құнын өсірмеу туралы меморандум жасалды
Әлеуметтік маңызы бар азық- түліктің көтерме бағасына 5 пайыздан артық үстеме ақы қосылмайды. Бүгін қала әкімі Мұрат Жөребеков жеке кәсіпкерлермен, өнім өндірушілермен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Құжатта тараптар орындауы тиіс талаптар қамтылған. Қала әкімдігі енді әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпорындардың жұмысына қолдау көрсетіп отыратын болды. Ең алдымен тауар өндірушілер жергілікті сауда орындарын қолайлы бағаға жалға ала алады. Ішкі ғана емес, кейбір өнімдердің сыртқы нарыққа шығуына да мүмкіндіктер қарастырылған. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды ұсынатын бизнес өкілдеріне қаладағы сауда орындарының жетекшілері арнайы орындар тауып беруге міндеттелді. Үшжақты меморандумға қол қойған шаруа қожалықтарының жетекшілері үшін де қала әкімдігі жеңілдіктер ұсынатын болды. Ал, облыс орталығындағы супермаркет, өзге де ірі сауда желілелері ең көп тұтынылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне 5 пайыздан артық үстеме қоса алмайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы бақылауда болады. Арнайы комиссия сауда желілері мен шағын дүкендерді аралап, бағаны үнемі қадағалап отыруды жалғастырады. Ауыл шаруашлығы жәрмеңкелеріндегі және әлеуметтік дүкендердегі азық- түлік бағасы нарықтан 15 пайызға дейін арзан болады.Количество показов: 639
Дата создания: 24.01.2023 12:46:54